Бөрлі ауданының пробация қызметі аудандық прокуратурамен бірлесіп ,Бөрлі аудандық ПҚ-нің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасау фактілерін болдырмау мақсатында, кездесу ұйымдастырылды.
Аталған кездесу барысында прокурор А.Жарылкасымов әр сотталғанға жаза өтеу тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, жаза өтеу тәртібі мен шарттары бұзылған жағдайда, бас бостандығын шектеу жаза түрінін өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатындығын
ескертті.
Кездесу соңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың психолог маманы Б.Байкадамова мен жұмыспен қамту орталығының маманы А.Серикова сотталғандарға тегін әлеуметтік- құқықтық көмектер алу тәртібін түсіндірді.


