Сотталғандар арасында шығармашылық сайыс өтті

Облыстық дін істері басқармасының «Облыстық қылмыстық атқару департаментіне қарасты түзету мекемелеріндегі дәстүрлі емес діни ағымдар жетегіне кеткен азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде «Бірлік – береке бастауы» тақырыбында шығармашылық (эссе) сайыс өткізілді. Аталған сайысқа 10 сотталған қатысып шығармашылық бақтарын сынады. Сайыстың қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған жазасын өтеушілер 5000, 4000 және 3000 теңгелік, ал қалған қатысушалыр 2000 теңгелік тарлан карталармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Марапаттау шарасына мекеме басшысының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы қатысып, жазасын өтеушілерді «1 мамыр – Қазақстан халқынының бірлігі күні» мерекесімен құттықтады.
Алдағы уақытта да мұндай мерекелік ісшаралар мекеме әкімшілігінің назарынан тыс қалдырылмай ұйымдастырылып тұратындығын айта келе, осы ісшараның жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосқан үшін Облыстық дін істері басқармасы мен «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорына мекеме әкімшілігі атынан алғыс білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында мүлікке тыйым салу

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтарының заңды түрде алған...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін...

«Совминка» дәрігерлері сүйек сынуының алдын алу жолдарын түсіндірді

Сүйектің беріктігі адамның қимыл-қозғалыс белсенділігін сақтап, салауатты әрі белсенді...

Врачи Совминки рассказали, как защитить кости от переломов

Прочность костей во многом определяет способность человека сохранять подвижность...