12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Жуырда Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырумен пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіру мақсатында «Жаңа өмір» атты футболдан жарыс өтті.
Түркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткен спорттық шараға 29-35 жас аралығындағы сотталған азаматтар қатысты.
Аталған турнирге сотталған азаматтардан құрылған төрт команда қатысып, бақ сынады. Әр жасақтан бір-бір команда шығып, жарыс көрігін қыздырды.

Бұл шараның мақсаты – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту болып табылады. Аталған жарыстың бұрынғы жарыстан ерекшілігі, пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа деген қызығушылықты жоғарлату, сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында өткізілді.
Турнир барысында командалар 15 минуттан 2 кездесу өткізді. Барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Жарыс қорытындысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардан құралған «Локоматив» командасы І-ші орын алса, ІІ-ші орынды «Достық» командасы иеленді. Ал ІІІ-ші орынды «Бекзат» командасы қанағат етті. «Жасқыран» командасы алғыс хатпен марапатталды.
Осы жарыста қарсыластарына 7 доп соққан Қасым есімді азамат үздік ойыншы атанды. Сондай-ақ, ойыншылар үздік қақпашы, үздік шабулдаушы, үздік қорғаушы номинациялары бойынша да марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен жарысқа қатысушыларға дипломдар мен арнайы дайындалған бағалы сыйлықтар табыс етілді.

– Аудандық пробация қызметі сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, жастардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында мәдени, психологиялық және де тағы да басқа шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып отырады. Пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз, – деді Түіркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында мұндай спорттық шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Ал мұның өзі сотталғандардың уақытын тиімді пайдалануына, түзелу жолына түсуге көп септігін тигізеді дейді түркістандық пробация қызметінің мамандары.

Мен футбол ойнағанды ұнатамын. Аталған турнир әділ әрі қызықты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға тартып, оған қатысып жатамыз Өзімнің жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын, — дейді, аяғын шалыс басқандардың бірі және осы турнирде үздік ойыншы атанған Қасым деген азамат.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...