Жуырда Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бқлімінің ұйымдастырумен пробация қызметі есебіндегі азаматтарлы қайта әлеуметтендіру мақсатында «Жаңа өмір» атты футболдан жарыс өтті.
Түркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткен спорттық шараға 29-35 жас аралығындағы сотталған азаматтар қатысты.
Аталған турнирге сотталған азаматтардан құрылған төрт команда қатысып, бақ сынады. Шағын футболдан әр жасақтан бір-бір команда жасақталып, жарыс көркін қыздырды.
Бұл шараның мақсаты – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту. Аталған жарыстың бұрынғы жарыстан ерекшілігі, пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында салауатты өмір салтын ұстанып, өмірдің дұрыс бағытын таңдауға сотталғандардың арасында спортқа деген қызығушылықты жоғарлату, сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында өткізілді.
Турнир барысында командалар 15 минуттан 2 тайм өткізді. Барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Жарыс қорытындысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардан құралған «Локоматив» командасы І орын алса, ІІ-ші орынды «Достық» командасы иеленді, ал ІІІ орынды «Бекзат» командасы қанағат етті. «Жасқыран» командасы алғыс хатпен марапатталды.
Осы жарыста қарсыластарына 7 гол соққан Қасым есімді азамат үздік ойыншы атанды. Сондай-ақ үздік қақпашы, үздік шабулдаушы, үздік қорғаушы номинациялары бойынша марапатталды. Жарыс жеңімпаздарымен жарысқа қатысушыларға дипломдармен арнайы дайындалған бағалы сыйлықтар табыс етілді.
– Аудандық пробация қызметі сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, жастардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында көптеген салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени, психологиялық және де тағы да басқа шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып отырамыз. Пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз, – деді Түіркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған арасында мұндай спорттық шара жиі ұйымдастырылып тқрады. Мұндай шара сотталғандардың уақытын тиімді пайдалануына септігін тигізеді.
Мен футбол ойнағанды ұнатамын. Аталған турнир әділ әрі қызықты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға қатыстырады. Осындай шаралардан көптеген жақсы дүниелер үйрендім. Өзімнің жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын, — деді сотталған Қасым.


