Сотталғандар арасында Республика күні аталып өтті

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68  мемлекеттік мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында 25-қазан Республика  күніне орай спорттық іс- шара өтілді.

Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл спорттық іс- шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Оңталап пен Ғ.Мәмедкәрім келіп, төрағалық етті.

Шара барысында алдымен, жасақ бастығы  әділет  лейтенанты Рамазан Әлмахан іс-шараны ашық деп жариялап,  Республика күнімен құттықтады.  Мемлекеттік әнұран  орындалды.  Одан соң, сотталғандар турниккке тартылу, арқан тарту мен қол күресіп  жарысқа түсті. Жарыс қызықты өтті. Қортынды нәтижиесі ретінде, жеңімпаздарға грамота мен кубоктар тарту етілді.

Бұл  жарысты қылмыс жасаған азаматтарды түзелу жолына бағыттау мақсатында өткізіп отырмыз. Бас бостандығынан айрылған азаматтардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу және еңбекке баулу мен  әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді. Өйткені спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп,бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады, — дейді, бөлім бастығы міндетін атқарушы Рамазан Әлмахан.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...