Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты #79 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімі психологтарының ұйымдастыруымен 6 сәуір 2023 жылы Атырау қаласының «Самға» психологиялық көмек көрсету орталығының практик психолог маманы Нұрсұлтанқызы Гульвираның қатысуымен сотталғандар арасында 《Балалық шаққа саяхат》 атты кездесу өткізілді. Сотталғандардың көңіл-күйін көтеруге, эмоционалды қысымды төмендету мақсатында бірқатар тренингтік жаттығулар жиыны жүргізілді.
Аталған шараға сотталған азаматшалар белсенді ат салысып, көңіл-күйлері жоғары деңгейге көтеріліп, арнайы шақыртылған мамандарға зор алғыстарын білдірді.


