Сотталғандарға Республика күнінде мәдени шара өтті

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде сотталғандар арасында 25 — қазан Республика күніне орай спорттық іс- шара өтті.

Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл спорттық іс- шараға жазасын өтеуші азаматтар белсене қатысып, үш кезең бойынша бақ сынасты. Іс-шара барысында мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, бұл күннің маңызын түсіндіріп, тарихымен таныстырды.

Әрі қарай сотталғандар турниккке тартылу, арқан тарту мен кір тасын көтеруден жарысқа түсті.
Аталған іс-шараға белсене қатысқан сотталғандар алғыс хатпен марапатталды. Жарыс қызықты өтті. Әсіресе, арқан тарту кезінде біздің топ мүшелері намысқа тырысып бақты. Біраз көңіліміз көтеріліп қалды. Бүгінгі ұйымдастырған іс- шара үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымыз зор. Екінші мәрте тойланып отырған Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын. Бостандыққа шығып, отбасыма , Отаныма пайдамды тигізер азамат болсам деймін — деді, жарысқа қатысқан сотталған.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...