Сотталғандармен кездесу өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жыл соңына дейін бостандыққа шығатын сотталғандар «Pro Bonо» қоғамдық қорыны мен Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының мамандарымен кездесті.

Кездесу барысында біз сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейінгі жұмысқа орналасу кезінде сұхбат жүргізу, сұхбат барысында өз-өзін ұстау, түйіндемені сауатты толтыру, өмірдің қиын жағдайынан шығу, көшбасшылық қабілетті арттыру бағытында сөз қозғалды. Сонымен қатар, психологиялық кеңес пен құқықтық кеңес беріліп, бостандыққа шыққаннан кейін кәсіп ашқысы келетін азаматтарға кәсіпкерлік грант алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал жасадық, — деді «Pro Bonо» қоғамдық қорының маманы. Кездесу соңында жазасын өтеушілер мамандардан түрлі сұрақтарына жауап алды.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...