Сотталғандарды құжаттандыру

Қазіргі өмірде жеке басын куәландыратын құжатсыз елестету мүмкін емес. Бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының 16 жасқа толған кезде алатын негізгі құжаты болып табылады.
Жаңа құжат алу қызыметінің қолжетімділігіне қарамастан, ҚР ІІМ ҚАЖК Аршалы ауданында №2 мекемесінде сотталғандар бүлінген, мерзімі өтіп кеткен немесе толық жоғалған жеке басын куәландыратын құжаттарды мерзімді түрде уақытында алады. Сотталғандарға құқықтық көмек көрсету және әлеуметтік бейімдеу мақсатында №2 мекеменің арнайы есепке алу бөлімі Ақмола облысы ІІД Аршалы аудандық ІІБ көші-қон қызыметімен бірлесіп тоқсан сайын сотталғандарды ҚР азаматтарын құжаттандыру жұмыстарын жүргізеді, жеке куәліктерін ауыстырып береді. Ағымдағы жылдың басында 83 сотталғанның құжаты рәсімделді.

Сонымен қатар мекемеде сотталғандар шет мемлекеттердің азаматтары жәнеде азаматтығы жоқ сотталғандардың құжаттары бақылауда тұрады. Шет мемлекеттердің бас консулдықтарымен және көші-қон қызыметтерімен үздіксіз белсенді хат алмасу арқылы тұрақты негізде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 2 сотталған (Өзбекістан және Түркіменстан азаматтары) бойынша ҚР азаматтығы жоқ адам деп тану туралы өтініштер берілді. Бұл жағдай сотталғандардың одан әрі жұмысқа орналасуына және қарыздарын өтеуге жақсы көмек болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...