Қазіргі кезеңде сотталғандарға діни ықпал ету мәселелері ерекше мәнге ие болады. Діннің рөлі, әсіресе өмірді қайта қарастыру мәселелері өте өзекті мәселесi болып табылады. Православие Пасха мерекесі қарсаңында № 64 мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағында христиан дінінің сотталушыларымен діни ұйымның өкілімен кездесу өткізілді. Әңгіме барысында «дұға», «конфессия»тақырыбында дәріс өткізілді. Сотталғандарды түзету процесінде олардың жеке басының жағымсыз қасиеттерін түзетуге деген ұмтылысын қалыптастыру, тәрбиелеу үлкен рөл атқарады. №64 мекемеде тәрбие жұмысының осы бағытына жәрдемдесу үшін «Астана қаласы Серафим ғибадатханасының приходы Астана және Алматы Епархиясы» ғибадатханасы тұрақты негізде ынтымақтасады , оның аббаты діни қызметкер В. П. Серкез болып табылады. Діни қызметкер сотталғандарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдайды, дiни рәсімдердi жүргізеді. Сондай-ақ сотталғандармен олардың әлеуметтік шындықтың белгілі бір құбылыстарына дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, сотталғандардың тұлғааралық қатынастары мен эмоционалдық көңіл-күйіне оң әсер етуге бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады.


