Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Әуезов аудандық пробация қызметі бөлімінің жеке құрамы прокуратура органдарымен бірлесіп, Әуезов ауданың пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерді.
Тексеру барысында прокуратура органдарының қызметкерлері сотталғандармен қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында профилактикалық сұхбат жүргізді, сондай-ақ сотталғандардың отбасындағы мінез-құлқын анықтау үшін туыстарымен және балаларымен әңгіме жүргізілді.


