12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартудың маңызы зор

Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адамның жазасы тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады.

Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқып жүрген сотталғандар, кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдар, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы және ол жастан асқан ер азаматтар, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер, сондай-ақ жазасы алты айдан аз мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталған адамның мінез-құлқын бақылап, қадағалап отырады. Бұл жерде ең бастысы – пробациялық бақылауға алынғандардың тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмауы, белгілі бір орындарға бармауы, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру мiндеттерiн орындап жүруі, үнемі қадағалауда болады. Сөйтіп, сотталған адамның түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жол берілмейді.
Жыл басынан бері Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Бәйдібек аудандық пробация қызметі бөлімшесінде бас бостандығын шектеу жазасына сотталған 74 азаматтар мен азаматшалар есептен өткен. Оның ішінде тұрақты жұмысы жоқ 59 сотталғанға сот үкімімен жыл сайын 100 /бір жүз/ сағат мәжбүрлі еңбекке тарту міндеттері жүктеліп, заңмен белгіленген тәртіп қатаң сақталады. Мәжбүрлі еңбекке тарту жазасына сотталған азаматтар мен азаматшалар мәжбүрлі еңбектерін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, өздерінің тұрғылықты тұратын әкімшілік аумақтарында қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан тазалау, тал қырқу, әктеп-сырлау, жер қопсыту, көгалдандыру, жас тал көшеттерін отырғызу секілді ақысыз жұмыстарын өтеп жүр.
Пробация қызметінің басты мақсаты – сотталғандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, тәрбиелеу болғандықтан заңмен белгіленген мәжбүрлі еңбектің пайдалы жақтары мол деп ойлаймыз.

Мәди Дәулетов,
Түркістан облысы,
Бәйдібек аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...