08.06.2023 жылы Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің Жетісу аудандық пробация қызметі халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Мамандық алу, жұмысқа тұрғызу үшін, жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен, бос жұмыс орындары жәрменкесіне жұмыссыз жүрген тұлғалар жіберілді. Аталған іс – шарада сотталғандар өз мамандықтарына сәйкес жұмыс түрлерімен танысып, ары қарай жұмыс орнына оранласу үшін жолдама алды. Алдағы уақытта есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Алматы қаласы Жетісу аудандық
ПҚ бөлімінің аға инспекторы
әділет капитаны
Г.Т.Душева


