Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты елордалық колония сотталғандары №3 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі қызметкерлерімен сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы орайда, келісім-шарт негізінде мекеме әкімшілігі «TRITON PARTNER» жеке кәсіпкер (әрі қарай-ЖК) құрылыс объектісіне сотталғандар санынан 7 сотталған жұмыс істеуде. Сотталғандар толықтай еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен келісім шарт жасалып еңбек етуде. Олар әртүрлі — жұмысшы, жигаз жинаушы, тігінші, және т.б. лауазымдары бойынша жұмыс істейді. Тапқан табыстарын өз қажеттіліктеріне, отбасына қаржылай көмек көрсетеді және сот шешімімен тағайындалған борышын өтейді. Жұмыспен қамтылған сотталғандармен күнделікті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторлары жазатайым оқиғаларды болдырмау, қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында олармен сұхбат жүргізеді.


