Сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілді

24.07.2023 және 30.07.2023 жыл аралығында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Пробация қызметінің жеке құрамы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп есепте тұрған сотталғандардың сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілді.

Тексеру барысында қызметкерлер сотталғандармен қайта қылмыс жасамаудың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелесулер жүргізді, пробациялық бақылау арқылы сотталғандармен тығыз қарым-қатынаста болады, сондай-ақ оларды қоғамға бейімдеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қоғамдық шараларға тарту бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Сонымен қатар, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын орындау барысында бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, соттың талаптары орындалмаған жағдайда жаза түрі бойынша жазбаша ескертулер беріледі. Сотқа бас бостандығынан шектеу жазасының бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы ұсыныс жолданылады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...