Сотталғандардың ерікті ұйымдары

«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 20 тамыздағы № 508 бұйрықтағы өзгерістер негізінде «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары» № 720 бұйрығына сәйкес «СҚО бойынша ҚАЖД» №48 мекемесінде «СҚӨжКС» сотталғандардың ерікті ұйымы құрылды, яғни сотталғандардың қолданбалы өнер және көркемөнерпаздар секциясы. Мекемеде барлығы 4 секция жұмыс істейді:

— бос уақыт және өзін-өзі тәрбиелеу;

— қолданбалы өнер және көркемөнерпаздық;

— өндірістік;

— санитарлық-гигиеналық.

Секцияларға тұрақты негізде 74 сотталған қатысады. Қолданбалы өнер және көркемөнерпаздар секциясына кірген сотталғандар суреттер, тастан бұйымдар, гипстен мүсіндер жасаумен айналысады. Бұл жұмыс, ең алдымен, сотталғандардың еңбек дағдыларын арттыруға және дамытуға бағытталған, оны кейіннен мекеме әкімшілігі, тапсырыс беруші және сотталған арасындағы шарттар негізінде іске асыруға болады. «СҚӨжКС»-те тұратын сотталғандар өз қалауы бойынша мекеме немесе өзге де ұйымдар өткізетін көрмелерге, концерттерге және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысады.

Айта кету керек, ҚР ҚАК 126-бабының 4-бөлігі негізінде «Сотталғандардың ерікті ұйымдарының мүшелері қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтарды пайдаланбайды және мекеме әкімшілігінің өкілеттіктерін иелене алмайды».

Жасақ бастығы

әділет капитаны

Н.Таженов

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...