Сотталғандардың денсаулығы басты назарда

ҚАЖ департаметінің №60 мекеменің мәжіліс залында жазасын өтеуші азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жиналыс өтті. Жиналысқа №3 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қожарипова Жаннат Шайхсламовна, ҚАЖ департаметі бастығының орынбасары Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы, №60 мекеме бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы, мекемеде қызмет атқаратын медицина мамандары қатысты.

Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, сапалы медициналық көмек көрсетіп, өз кінәсін түсінген және түзелу жолына түскен жазасын өтеуші азаматтардың біздің қоғамымызға оралуына жағдай жасау, – деді №3 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қожарипова Жаннат Шайхсламовна. Жиналыс барысында ҚАЖД №60 мекемесінің бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы сотталғандардың денсаулық жағдайына шолу жасап, алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру жайлы сөз қозғады.

ҚАЖД №60 мекемесімен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан Қызылорда қалалық №3 емханасының дәрігерлеріне алғыс айтамыз. Сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету — жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы болғандықтан, мекемедегі медицина қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтардың денсаулық жағдайын басты назарда ұстап, барлық медициналық шараларын жасауда , – деді ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы.
Жиын соңында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы №60 мекеменің медициналық бөлімінің жұмысы, медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігі туралы оң пікір білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...