Сотталғандардың денсаулығы басты назарда

Жыл көлемінде мекеме қызметкерлері мен мекемеде қызмет атқарып жүрген әрбір қызметкер жазасын өтеп жатқандардың толық қанды ем алуын қадағалайды. Жазасын өтеп жатқан сотталғандардың арасында ота жасауды қажет ететін жағдайлар да болады. Мысалы №17 мекемесінде 3 топ мүгедектігі бар сотталған И. Алматы қаласындағы А.Н.Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына реконструктивті қалпына келтіру отасын жасау үшін жолданған.

Сотталған И. тергеу барысында өзінің қылмыстық ісімен келіспей сірке суын ішіп өңешін күйдірген еді. Жаза өтеу барысында сотталған И. тамақ ішуі, тіптен су ішуі мүмкін емес еді. Сол себепті аталған сотталған үнемі дәрігерлердің қарауында болды. Ем қонбайтынын ескере отырып, ота жасау қажеттілігі туындады. Мекеме әкімшілігі мен дәрігерлердің ізденісі арқасында сотталған И. Алматы қаласындағы А.Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ота жасау үшін тексеруден өтіп, ота жасалған.

“Сотталған И. мекемеге келген күннен бастап денсаулық жағдайы өте ауыр болды. Өздігімен тамақ іше алмайтын. Кей- кездері басы айналып құлап қалатын. Шамамыз келгенше көмектестік. Бірақ ота жасау қажеттілігі күннен күнге күшейе берді. Сол себепті А.Н.Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына денсаулығын тексеріп, ота жасау қажет екендігі жайлы хат жолдадық. Бүгінгі күні сол орталықта тексеріліп, ем алып жатыр” деп атап өтті медицина бөлімшесінің меңгерушісі Рашат Мұхаметкалиев.

“Мекеме әкімшілігіне және осы мекемеде қызмет атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысы шексіз” екенінін сотталған И. білдірді.

Жыл көлемінде мекеме әкімшілігі және мекемедегі ақ халатты абзал жандардың арқасында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың денсаулығын бақылу басты орында.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...