Семейде №20 мекемесінде гір көтеру мен қол күрестен сотталғандар арасында жекелей жарыс өтті

Гір (Гир) көтеру, қол күрес – халық арасында кең таралған спорт түрі. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан кір көтеру өнерін көрсетіп әлемге танымал болған. Осындай бабаларымыздың өнерін ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жат мінездердің алдын алу мақсатында, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ-инфекцияциясының алдын алу жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерімен сотталғандар арасында гір көтеру мен армреслинг жарысын ұйымдастырды.

Жарыс ережесіне сәйкес сотталғандар 24 келілік тасты серпе көтеруден сайысқа түсті. Әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді. Нәтижесінде 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен А. есімді сотталған  екі қолымен 32 келі тасты 61рет көтеріп, топ жарды. Осылайша ол қарсыластарынан басым түсті.

Сонымен қатар қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысы, жарыс көркін қыздырды.   

Қызықты да тартысты өткен жарыстың жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдармен марапатталды.

Қызықты ойын соңында сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлім бастығы әділет майоры М.Б.Бахытбек келген қонақтарға мекеме бастығы атынан ризашылық алғыс білдіріп, Алғыс хатпен марапатталып, сотталғандардың өз қолымен жасалған бұйымы сыйға тартылды.   

САТжӘПЖББ бастығы әділет майоры М.Б.Бахытбек

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...