СЕМЕЙДЕГІ ТҮРМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «АНАЛАР ҮЙІНДЕ» КӨШПЕЛІ СӘН САЛОНЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Семейдегі №21 түзету мекемесінің қызметкерлері еріктілермен бірге «Аналар үйіне» барып, көшпелі сән салонын ұйымдастырды. Тағдырдың тәлкегімен мейірім мекеніне тап болған жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, шаш үлгісін жасап берді. 2015 жылдан бері қоғамдық негізде жұмыс істейтін «Аналар үйінде» бүгінде 8 ана 8 баласымен бірге тұрып жатыр. Бұған дейін бұл жерді 265 нәзік жанды паналап, өмірден өз орнын тапқан.

Бізге 8 наурыз мерекесі қарсаңында арнайы келіп, шаш үлгісін жасап, көңіл-күйімізді көтерді. Мейраммен құттықтап, сыйлық табыстарды, деп бөлісті «Аналар үйінің» тұрғыны Дария Назарова.

Біз Аналар үйіндегі қыздарға ерекше көңіл-күй, сұлулық сыйлауға келдік. Мақсатымыз олардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру. Себебі барлық қыздар қандай жағдайда болмасын ханшайым болуға лайықты. Аруларымызды қуанту үшін кішігірім сыйлық та алып келдік, — деп түсіндірді №21 түзету мекемесі кадр саясаты бөлімінің басшысы Гүлнәр Исмаилова

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...