Сағынысқан жандар қауышқан күн…

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 қауіпсіздігі аралас мекемесінде «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні аталған мекемедегі шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталғандар жақындарымен қауышып, қуаныштан жүздері бал- бұл жайнады.

Келушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында сенбі күні ұйымдастырылған «Ашық есік» күнінде жазасын өтеушілер де, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасыра алған жоқ. Мекемеге келушілер жазасын өтеушілермен кездесіп қана қоймай, олардың жатын және демалатын орындары, бос уақытын өткізетін кітапхананы, сондай- ақ тамақтану орындарын аралып, мекеменің тыныс-тіршілігімен де танысты.

Мекеме қызметкерлері түзеу мекемелерінде мұндай «Ашық есік күндерін» өткізу — әлеуметтік байланысты нығайта отырып, сотталғандарды бостандыққа әзірлеуде нәтижесін мол беретінін айтады.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...