12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты сайыс ұйымдастырылды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 әйелдер түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог мамандары А.Оспанова, А.Нұрғалиева және психолог маман Г.Құбышеваның қатысуымен «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс барысында қатысушылар «Мирас» және «Асыл мұра» топтарына бөлінді. Психолог Г.Құбышева қазақтың тарихы және салт-дәстүріне байланысты сұрақтар қойса, теолог маман А.Оспанова оразаға байланысты және Абу Ханифаның өміріне байланысты сауалдар қойып, қыздар өзара жарысты.

Шара соңында қатысушы қыздарға «Шапағат» қоғамдық қоры тарапынан тігілген тақия және тарихшы, дінтанушы маман Ернар Абзалұлының «Қазақ даласындағы ислам тарихы» кітабы сыйға берілді.

Наурызға орай мерекелік дастархан ұйымдастырылып, дастархан басында уағыз-насихат айтылды.

26,3 млн тонн зерновых намолочено в КазахстанеО ходе уборочной кампании рассказали в Минсельхозе

Как сообщили в Министерстве сельского хозяйства РК, уборочная кампания...

Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевичтің зерттеулерінде

«Ауыл» партиясының Орталық аппараты және Алматы өңірлік филиалының ұйымдастыруымен...

Ата Заң – елдің басты құжаты

Мемлекет пен қоғам өмірінің негізі саналатын Конституция – елдің...

Jas Republic Cup II дебат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Астанада Respublica партиясы мен ÖzgerTeam қоғамдық қоры ұйымдастырған Jas...

Стали известны победители дебатного турнира Jas Republic Cup II

В Астане завершился финал второго республиканского дебатного турнира Jas...