12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Салауатты өмір салтын сақтау жеке құрамның дағдысына айналу керек

Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобы жеке құрамға «Салауатты өмір салтын ұстанайық!» тақырыбында іс- шара ұйымдастырды.

Іс-шараға Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Абдирова Зарина Жұмабаевна және Облыстық тері- венерологиялық диспансерінің маманы Айдабергенова Айзат шақыртылды.

Шара барысында арнайы орталықтың өкілдері темекі шегудің, ішімдік ішудің және алкагольді өнімді пайдаланудың зияндықтары мен әртүрлі жұқпалы аурулардың жылдам жұғу жолдары туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, кітапшалар таратылып, видеоролик көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты : қызметкерлерге темекінің зияндылығы мен спирттік ішімдіктерді ішуге және түнгі уақытта көшеде, қоғамдық орындарда жанжалды жағдайларға қатысуға жол бермеу керектігін түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын сақтап жүруге тәрбиелеу болып табылады.

Жеке құрам ортасына шыққан арнайы мамандар әртүрлі зиянды әдеттер мен жұқпалы аурылар жайында,олардың жұғу көздері мен таралуы жөнінде мол түсінік берді.

Қоғамда адам денсаулығының басты орында тұратындығын айта келіп, салауатты өмір салтын сақтап жүруге шақырды.

Өткізілген іс-шараға қызығушылық танытқан қызметкерлер өз тараптарынан сұрақтарын қойып, мамандардан ақыл – кеңес алды.

Сұрақтардың дерлігі темекіге деген тәуелділіктен құтылу жолдары мен энергетикалық сусындарды пайдаланудың зияндылықтары жайында болды.

Жеке құраммен тәрбиелілік жұмыс барысында, кадр саясат тобы мұндай іс-шараларды үнемі жүргізіп, назарда ұстап отырады. Бақылаушыларға ауысымға түсетін таралым алдында, мерекелер қарсаңында, ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзбау керектігі оның салдары зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін екенін айтып, кез келген тәртіп бұзушылық, қоғамдық тыныштықты бұзу жауапкершілікке әкелетінін ескертіліп отырылады. Өйткені, ҚАЖ қызметкерінің қоғамдағы имидждік сыйпаты, оның мінсіз бейнесімен қалыптасады. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау жеке құрамның дағдысына айналу керек- дейді , кадр саясат тобының аға инспекторының міндетін атқарушы, әділет капитаны Романкулов Ерлан Бегимович

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...