12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Республика күні

Республика күнінде әрбіріміз өткен күннің салқынды ызғарын сезінеріміз анық. Расында да Республика болып танылу елімізге оңай соқпады. Қаншама зиялы қауым бозторғайдай шырылдап, 1986 жылдың желтоқсан оқиғасында қаншама боздақтар өлім құшты емес пе?! Біз өткенімізді ұмытпай, олардың ел үшін деп жасаған әрбір істерін өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге айтып, оқытып отыруымыз керек. Өткен күн үлкен тарих. Тарихты білу арқылы өсіп келе жатқан балалар, жастар елімізге тәуелсіздік қалай келгенін біліп, азаттықты сақтап қалудың қандай маңызы зор екендігін біліп журулері тиіс.     

Расында да, Тәуелсіздікті алу бізге оңай болмады. Қаншама қиын қыстау күндердің арқасында, боранды, ызғарлы күндердің аязы мен суығына шыдау арқылы есіктен енген азаттығымызға жол ашқан осы 1990 жылы қазан айының 25 сі күні қабылданған декларация еді. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Осы декларациядан кейін еліміз Тәуелсіз ел ретінде бойын тіктей бастады. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Осы декларацияның арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздікпен ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды. Ал, президент елдің басшысына айналды.

Бұл декларация арқылы әлемде Қазақстан Республикасы бой көтерді. Декларация қабылданған күн Қазақстан елінің «Республика күні» болып танылды. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.  Биыл екінші жыл тойланғалы отыр.

Республика күні халықтық мереке. Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарлармалар қойылып, көптеген іс-шаралар өткізіліп, халық шад-шадыман күйде жүреді. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасынан орын алды. Бұл бұрынғы ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандап, аңсаған азаттықтың ақ таңы еді. Ендеше, Азаттықты мәңгі ұстап тұру әрбір Қазақстандықтарға парыз деп білеміз!

Дарига Хайруллина,

 Атырау облысы

Құрманғазы аудандық соты әкімшісінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...