ҚР ІІМ ҚАЖК № 64 мекемесінде Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт өтті. Осы іс-шара шеңберінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары арасында сотталғандардың өлеңдері мен вокалдық нөмірлері мен толтырылған концерттік бағдарлама, сондай-ақ «Республика күніне» арналған қабырға газеттері мен суреттер конкурсы өткізілді.
— Нағыз патриотизм адамдардың өз еліне, өз халқына деген оның іс-әрекеттерінде көрінеді. Отанға деген шынайы сүйіспеншілікке толы сотталғандардың өлеңдерін тыңдау соншалықты таңқаларлық және жағымды әсер береді деп, осындай сөздермен мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Жақышев Марат Нығметоллаұлы өткен іс-шараға түсініктеме берді. – Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандарды мәдениеттілікке, моральдық қасиеттерге және рухани дамытуға арналған тәрбие жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Арнайы контингент арасындағы әлеументтік –психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Амизов Нұрсұлтан Базарханұлы үшін мұндай іс — шаралар күнделікті жұмыстың бір бөлігі болып табылады, бірақ бүгінгі күнгі іс-шараға дегн шынайы қуанышын жасырмады.
— Біздің шаруашылық қызметіне қалдырылған жасағындағы сотталғандар, орындаған поэтикалық құттықтауларды жариялаған кезде, мен олардың көп болатынын күткен жоқпын. Шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеп жатқан 45 сотталушының 10-ы өз өлеңдерін ұсынды. Белгілі бір дәрежеде біздің жұмысымыздың тиімділігінің бұл бір көрсеткіші деп ойлаймын. Бұл дегеніміз, Біз сотталғандарға өзін-өзі тануға, өмірдегі өз орнын табуға, түзу жолға түсуге көмектесе алатынымыздың тағы бір көрінісі.
Менің ойымша, кәсіби тұрғыдан алғанда, мұндай іс-шаралар шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталғандардың моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту үшін қажет, осы іс-шара арқылы тағы да дәлелденді. Мен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандардың көздеріндегі жарқырауды, олардың жүздеріндегі күлкілерді және олардың сөздерінен қаншалықты шынайы қуанышпен тыңдағанын көргенде, мен біздің жұмысымыз өз жемісін беретінін түсіндім. Сотталғандар біраз уақыт күнделікті іс-әркетінен,ойларынан алшақтай алды деп. – Өткізілген іс-шараға психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Макашева Ақмарал Тунгишбекқызы түсініктеме берді.


