Республика күні — ұлттық мереке күні

Алматы қаласы №11 мекемеде 25 қазан «Республика күні-ұлттық мереке күні!» аталып өтті. Сонымен қатар жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында «Кітап оқуға құштарлық» атты жарыс өтті. Жарысқа әділқазылар алқасына Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының Абонемент бөлімінің басышысы Құмарова Шарайна Файзулаевна және кітапханалық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қозбекова Роза Сұлтанғазықызы, №3 ЖББМ КММ директорының орынбасары Алиева Айзада Абдимадиевна қатысты. Жарыс 2-бөлімнен тұрды. Кітап сүйерлер жатқа патриоттық өлеңдер оқыды. Кітап құмарлар-оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнын айтады. Іс шара соңында жеңімпаз жасөпірімдерді Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мақтау қағаздармен және кітаптарды сыйға тарту етті. Шығармашылыққа жақын жасөспірімдер ақындардың өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп, тебірене жатқа оқыды. Сөзіне жазылған сырлы әндерді де орындап, кештің сәнін үстей түсті. Жалпы, түзеу мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған өрендер біз жүрген сыртқы әлемге шықпайды, шығарылмайды. Сондықтан болар, басқа алаңдайтын, елітетін ештеңе жоқ, сабақтарына барады, кітапханаға бас сұғады, көркем шығармалар оқиды. Отбасынан, аяулы адамдарынан жырақта жүрген жазалы жасөспірімдер ондағы кейіпкерлерден, оқиғалардан жандарына сая тауып, көңілдеріне медет тұтатындай. Осындай әдеби, мәдени іс-шаралар десе жанып кететіндері тағы бар дейді САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна. Мектеп директорының орынбасары Алиева Айзада Абдимадиевна қатысушыларға мекеме бастығының атынан мақтау қағаздармен және шағын сыйлықтармен марппаттады.

Іс-шараның соңы кітапханашылар дайындаған  баяндама кітап көрмесімен аяқталды.

                                                                                                №11 мекеме

                                                                                                Еркегүл Жеңісхан

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...