12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Республика күні — Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке!

Республика күні ұлттық мереке. Бұл мереке елімізді Тәуелсіздікке бастаған мейрам. Тәуелсіздікті қаншама қазақтың зиялы қауымы армандағаны тарих беттерінде айқын көрініс тапқанын білеміз. Тәуелсіздіктің ақ таңын міне біз көріп, жанымызбен сезініп жүрміз. Бұл әрине біздер үшін үлкен қуаныш.

Республика күні — бұл еліміздің ең алғаш өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жариялануына декларация қабылданған күн. Яғни «Республика күні» болып мемлекеттік мерекелер қатарына енген болатын. Бұл декларация 1990-шы жылдың 25 қазан айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қабылданған тарихи құжат болып табылады. Оны өзгерту де, ұмыту да мүмкін емес. Өйткені бұл декларацияда қазақ елінің өз алдына дербес егеменді ел, мемлекет болып жарияланған еді. Бұл декларация еліміздің тәуелсіздігінің іргетасы болып, содан бастап Тәуелсіздіктің ақ таңы жарқырап шыға бастады десек қате айтпағанымыз болар. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналып үлгерген Қазақстан елімізді бүгінде көптеген шет елдіктер танып, тіпті еліміздің шырайлы жерлерін көруге саяхаттап келіп жатады. Бұл дегеніміз, біздің еліміздің жұлдызы жарқырап, аспанында күн күлімдеп, шуағы бүкіл елімізге жылу беріп тұр деген сөз.
Осынау Республика күнінде бастау алған азаттықтың ақ жолын сақтау, ауызбіршілікті сақтап еліміздің жандануына үлес қосу әрібіріміздің міндетіміз болмақ!  

Толығымен ашып айтар болсам, Декларацияда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жаряланып, еліміздің саяси құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы айтылып, еліміздің аумағының тұтастығын, оған ешқандай қол сұғылмайтыны жөнінде кеңінен баяндалған еді. Сонымен қатар қазақ халқының және қазақ елінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдениетін тілі мен дінін қадірлеу, нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып бекітілді. Яғни, қазақ жерінде тұратын басқа ұлт өкілдері, өзіміздің қазақ бауырламыз болсын олардың өзара сыйластығы мен татулығы, бірлігі мен ынтымақтастығы болуын, бір тудың астында өмір сүріп жатқандықтан ел ішіндегі ұлттар арасындағы татулық болуы еліміздің басты мәселесі болып табылды. Өйткені татулық бар жерде тыныштық та болатынын білеміз. 

Әр жыл сайын келетін, яғни қазан айының 25-сі Республика күні құтты болсын қазақ елі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел бірлігі мен тұтастығы сақталып, бай-қуатты бола берейік!

                                                                Алтыншаш Адаева,

Атырау облысы Жылыой аудандық соты әкімшісінің бас маманы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...