Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Атырау облыстық сотында Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға облыс соттарының судьялары мен қызметкерлері қатысты. Атырау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Тәтті Уалиева Республика күні мерекесін мемлекеттік деңгейде атап өтудің мәні мен маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

«Егеменді мемлекет құрудың тарихи қадамының символы ретінде біздің еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады. Бұл мереке – көпұлтты Қазақстан Республикасы халықтары бірлігінің, татулығы мен келісімінің символы», — деді Т.Уалиева. Сондай-ақ, Судьялар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев өз құттықтау лебізін білдірді.

Салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Атырау облыстық сотының судьясы Д.Тухфатова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің құжат айналымы бөлімінің бас маманы Ж.Курманова, Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы С.Айдарбаева «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Атырау қаласының №2 сотының судьясы З.Қазақбай Судьялар одағының «Үш би» Құрмет белгісімен, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Ерғазиев және Атырау облыстық сотының судьясы А.Ташенова «Судьялар одағының құрметті мүшесі» Құрмет белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Атырау облыстық сотының судьясы Г.Даулетова, Махамбет аудандық сотының төрағасы А.Досмагамбетова «Жеті жарғы» Құрмет белгісімен марапатталды.

Атырау қаласының №2 соты әкімшісінің басшысы М.Канатова, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы А.Спанова, Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің құжат айналымы бөлімінің бас маманы А.Султанова «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» Құрмет белгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында судьялар мен сот қызметкерлері Жоғарғы Соттың және облыстық сот төрағасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, Судьялар одағы және Судьялар одағы филиалының құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Встреча со студентами: о важности соблюдения закона и порядка

     В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошла встреча...

Сот ісін жүргізудегі жұмыс орнын цифрландыру

Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде мемлекеттік мекемелерде қызметтерді көрсетуді цифрландыру...

Студенттер құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты...

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді...

Сот қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының...