Республикалық – профилактикалық іс-шара «ТІРКЕУ»

15.05.2023 және 25.05.2023 аралығында Алматы қаласының аумағында «ТІРКЕУ» РПМ (республикалық – профилактикалық іс-шара) басталды. Рейдке Алматы қаласы бойынша ІІД Алмалы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Алмалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен бірге қатысады.

РПМ-ның мақсаты қоғамнан оқшауланбай, жазаға сотталған адамдардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу, іздеуде жүрген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың тұрған жерін анықтау болып табылады. Сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қайталанған қылмыстарды уақтылы ашу және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу үшін ішкі істер органдарының әкімшілік деректер базасын және басқа да есепке алу түрлерін тексеру.

 Пробация қызметі бөлімінің инспекторлары рейдтік іс-шаралар өткізіп, 26 мамырда осы іс-шараның қорытындысын шығаратын болады, онда қорытынды шығаруға, мүмкін болатын кемшіліктерді есепке алуға және оң нәтижелерді көрсетуге болады. Айта кетерлігі, Алмалы аудандық пробация қызметінің қызметінде қылмыстардың қайталануының алдын алу жұмыстары басты міндет болып табылады. Бірақ мұндай жұмысты бірнеше бөлімшелермен бірлесіп жүргізген кезде ол ең тиімді нәтиже береді.

Жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарынан қасақана бұзған  сотталғандарға қатысты сотқа сынақ мерзімін ұзарту, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселені шешу үшін ұсыныстар енгізіледі.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...