РАТТ мүшесімен кездесу өтті

Облыстық дін істері басқрмасы мен ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстары негізінде деструктивті діни ағымның алдын алу мақсатында «Нұр-Мубарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының» директоры, «Нұр-Мубарак» университетінің ұстазы, РАТТ мүшесі Нүсіпханов Тимур мекемедегі жазасын өтеушілермен кездесті. Кездесу барысында Т.Нүсіпханов «Сабырлылық пен мейірімділік» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Т.Нүсіпханов өз сөзінде: «Ислам сабырлылық пен мейірімділікке негізделген дін. Әрбір мұсылман біріншіден басына іс түскен кезде сабырлы болуға және өзгелерге мейірімді болуы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде «Сабырлылық – жәннәтің кілті», — деген болса, тағы бір хадисінде: «Жер бетіндегі барлық жаратылысқа мейірімділік етіңдер, көктегілер (періштелер) де сендерге мейірімділік етеді», — деген. Демек, мұсылман адамының бойынан әрдайым сабырлылық пен мейірімділік деген қасиет табылуы керек. Сіздер де осы бір қиын сәтте сабырлық танытып, бір-бірлеріңізге мейіріммен қарасаңыздар Алланың алдында сүйікті құлдардан болатындарыңыз сөзсіз»,  — деді.

Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Алдағы уақытта да осындай кездесулердің болып тұрғандығын қалайтындарын жеткізді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...