Профилактикалық шарасы аясында пробация есебіндегі азаматтар мекенжайларынан тексерілді

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, республика көлемінде «Учаске» профилактикалық шарасы өтуде. Аталмыш шара Жалағаш ауданында да қолға алынды. «Учаске» профилактикалық шараның мақсаты халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру, олар тарапынан жасалатын қайта қылмысты болдырмау, азаматтармен тығыз қарым –қатынас орнату болып табылады.
Профилактикалық шараға учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салаларымен қатар Пробация қызметінің инспекторлары да жұмылдырылды.
Шара барысында Жалағаш аудандық пробация қызметінің инспекторлары аудандық пробация есебіндегі 43 соттағанды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Асылжан Сақыбековтың айтуынша пробация есебінде кәмелет жасқа толмаған және әйел азаматшалар да бар. Олармен де қайта қылмыстың алдын алу бағытында тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізіледі. Қайта қылмыс жасау болашағына балта шабатынын, қылмыстың өтеуі жаза екендігін барынша түсіндіреміз. Нәтиже шығармаған азаматтардың құжаттарын жианқтап, сотқа ұсыныс жолдаймыз. Жыл басынан 1 сотталған жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін сот қаулысымен түзеу мекемесіне жіберілді. Жазасының өтелмеген бөлігін түзеу мекемесінде өтейтін болады. Есептегі тұлғалармен әңгімелесу барысында осындай жағдайларды айтып, қайта қылмыс жасамауға, жаза өтеудің шарттарын бұзбауға шақырамыз,- дейді Асылжан Сақыбеков.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...