«Профилактикалық бақылау» және «Подучетник» атты жедел профилактиқалық іс-шарасы өткізілуде

Бөрлі ауданының аумағында 2023 жылдың 15-25 мамыр айы аралығында «Профилактикалық бақылау» және «Подучетник» атты жедел профилактиқалық іс-шарасы өткізілуде. Осы іс шара кезінде БҚО Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандардың қатысуымен, «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінде «Дойбы» ойынынан аудандық турнир өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты есепте тұратын адамдарды қоғамда қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Осындай аталмыш іс-шараға қатыса отырып есепте тұратын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеріп, олардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын-алып, ескерту мүмкіндік береді. Женімпаздар мен жүлдегерлер Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан тиісті дәрежелі дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...