spot_img
spot_img

Пробоция есебінде тұрған азаматтар тергеу мекемесіне келді

2023 жылдың 25 қыркүйек күні пробация есебінде тұрған бірнеше азамат Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінің жай күйімен танысты. Бұл шараның басты мақсаты есепте тұрған азаматтар тәртіп сақтамай жаза басатын болса, тергеу мекемесінде жазасын өтейтіндігі түсіндірілді.

Қызылорда қаласының прокуратура орынбасары Мусабаев Бек Тастайбекұлы мен Қызылорда қалалық пробаця қызметінің бастығы әділет полковнигі Сәдуақасов Даулет Махмутұлы сондай-ақ, мекеме бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлының қатысуымен қоғамнан оқшаулауға байланысты жаза түрімен сотталған азаматтарға мекеменің толық тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, бұл экскурсияға Қызылорда облысының әр аймақтан жиналған қырық үш есептегі азаматтар мен оларға жауапты инспектор қызметкерлері қатысты. Алдағы уақытты, өздеріне тағайындалған тәртіптік жазаны сақтамай, қоғамға зиян келтірген азаматтар болатын болса, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылып, дәл қапаста өмір сүретіндігін жеткізді. Бұл түсіндірме жұмыстары есептегі азаматтарға сабақ болып, алдағы өмірлерінде жаза баспай, тыныш өмір сүріп, тәртіпке бағынуға шақырады.

Экскурсия барысында Режим және Күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Асылбек Төребеков, мекемедегі сотталған азаматтар жататын камераны, асхананы және мекеме аумағын толықтай көресетіп, теміртордың өміріне қызықпауды айтты. Қазіргі таңда қызбалықпен жас өспірімдер мен егде жастағы азаматтар мен азаматшалар қылмыс жасап, жаза басады. Осындай қателіктердің кесірінен өзіне және өзгелерге зиян келтіретін адамдарды тәртіпке шақырамыз. Бұл есептегі сотталған азаматтар алдағы уақытта қандай жағдай болсын жаза басатын болса бірнеше жылдық өмірлерін төрт қабырғада отырып өткізеді. Мұндай қателіктерге бармас үшін біз пробация қызметінің бастығымен және инспекторларымен бірлесе отырып экскурсия шарасын ұйымдастырдық. Тергеу мекемесімен танысқан есептегі азаматтар бұдан әрі жаза баспай, тек халыққа, отбасына, өзіне пайдасы тиетін істермен айналысатындығын жеткізді. Алайда, күнделікті пробация қызметінің нспектор мамандарының қадағалауында болып, тексеріс жүргізіп отырады-деді, Қызылорда қалалық прокуратурасының орынбасары Бек Тастайбекұлы.

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...

Аумақтан тыс соттылық

         Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне...

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...