Пробация есебіндегі 3 сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қайырымдылық – адамның ізгі қасиеттердің бірі. Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіне алынған сотталғандарға қайырымдылық көмекті жиі көрсетіп келеді. Бүгін де осындай қайырымдылық көмекті тағы 3 сотталғанға көрсетті. Облыстық жастар ресустық орталығымен ынтымақтастық меморандум аясында жастар орталығымен пробация қызметі бірлесіп, 3 сотталғанның отбасына азық-түліктей көмек берді. Көмек алған отбасылар жастар ресустық орталығы мен пробация қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

-Мұқтажға мейірім көрсетіп, қысылғанға қайырымдылық таныту қанымызда бар қасиет. Бүгінгі көмек пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы үш отбасыға берілді. Бұған дейін де қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірнеше отбасыға берілген. Пробациялық бақылауға алынған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмектер беріп, олардың тұрақты жұмысқа орналасауына да ықпал жасап жатырмыз.Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады»,- дейді пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Иманбек.


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...