Пробация есебіндегі 10 азаматқа қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » Игілікті іс» акциясы аясында қалалық пробация есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға азық-түлік таратты.

Бұл шараның мақсаты сотталғандарды қоғамға бейімдеу, оқшауланған мінездің көпшілік ортаға араласып, қалыпты өмір салтын ұстанып, түзу жолға түсуіне ықпал ету.
Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет капитаны Гүлнұр Байсариеваның айтуынша сотталғандарға қайырымдылық көмектер жиі көрсетіледі. Сондай -ақ құқықтық көмектер көрсетіп, профилактикалық әңгімелесу барысында оларға қоғамдағы көпшілікпен бірдей орны бар екені, қайта қылмысқа барудың қауіптілігін айтып түсіндіреміз. Қазіргі таңда 600-ге жуық азамат пробация есебінде. Күнделікті мекенжайынан тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі көмек көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға берілді деді Гүлнұр Байсариева.

Менің отбасыма да көмек берілді. Көпбалалы әкемін.Алты балам бар, өзім ғана жұмыс жасаймын. Шалыс басып, сот үкімімен 3 жыл бас бостандығымды шектеу жазасы тағайындалып, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылдым. Қазіргі таңда мәжбүрлі еңбегімді орындап жүрмін. Осындай қымбатшылықта көмек алуыма мүмкіндік жасаған пробация қызметкерлері мен аудандық жұмыспен қамту бөлімінің өкілдеріне  алғысым шексіз , — деді есептегі сотталған.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...