Пробация есебіндегі сотталғандар шағын футболдан сынға түсті

Қызылорда қалалық пробация  қызметі  пробациялық бақылау белгіленген  сотталғандармен спорттық-мәдени шараларды жиі өткізіледі. Бүгін Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының ұйымдастыруымен пробация есебіндегі  азаматтар мен  Қызылорда қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтағы азаматтардың қатысуымен шағын футболдан жарыс өтті.  Пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардан «Барыс», «Сұңқар»  командалары құрылды. 

Қатысушылар үш командаға бөлініп, жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде 1-орынды «Адаптация» команда алса, екінші, үшінші орынды пробация есебіндегі сортталғандардан құралған «Барыс» пен «Сұңқар» командалары өзара бөлісті. Қызықты да тартысты өткен спорттық шараның әділ өтуіне қалалық мәдениет және спорт бөлімінің мамандары қазылық етті. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және  сыйлықтармен марапатталды.

 «Есептегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып  тұрамыз. Олардың бос уақытын тиімді пайдалану, қайта қылмыстың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген спорттық шараға  қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Салауатты өмір салтын ұстануға  бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» — деді пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Ж.Исмайлова.

 «Бүгінгі спорттық  ойын  өте қызықты әрі тартысты өтті.   Футболды мектеп жасынан ойнаймын. Бүгінгі жарыста командамыз белсенділік танытып, екінші орын алдық. Ұйымдастырушыларға алғысым зор», — деді пробация есебіндегі азамат.

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...

Отбасындағы гендерлік теңдік: заманауи көзқарас пен үйлесімділік

Отбасы – қоғамның шағын моделі. Уақыт өте келе қоғам...

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...