Пробация есебіндегі сотталғандар кітапханаға барды

Бүгін Арал аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі жастарды аудандық Абай атындағы орталық кітапханаға алып барды. Ондағы мақсаты — олардың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу.
Кітапхана қызметкері Г.Кулмашева сотталған азаматтарға кітапхана тарихы , кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырып, Абай әлеміне саяхат жасап, кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасады.

«Қазіргі күні кітапхана қорында 80 мыңға жуық кітап бар. Мұнда өзіңізге ұнайтын кез келген әлемдік әдебиет болсын, классикалық көркем туынды дейсіз бе немесе аудармалар, томдық кітаптар қызықтырса іздегеніңіз табылды, оқырман билетін аштырып, кітап алып оқуларыңызға болады. Кітап өзіңізді дамыту үшін керек»,-деді кітапхана қызметкері.

«Мен кітапханаға жиі барамын. Көбіне тарихи кітаптарды алып оқимын. Кітап оқу арқылы ой-өрісің дамиды, сөздік қорың молайады, есте сақтау қабылетін артады. Өзім сияқты жастарға кітапханаға жиі барыңыздар деп айтар едім. Бүгінгі шараны ұйымдастырған пробаця қызметкерлеріне алғысым шексіз»,-деді есептегі сотталған.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...