Пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған сотталғандардың ата аналарымен кездесті

Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ден астам сотталған есепте тұр.Олардың арасында кәмелет жасқа толмаған 5 жасөспірім бар.Бүгін осы кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен олардың ата аналарының қатысуымен пробация тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жиынды қалалық пробация қызметінің бастығы әділет полковнигі Д.Садуақасов ашып, қазіргі таңда жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың көбейіп бара жатқандығын алға тартып, оларға сотпен жүктелген міндеттерді орындауға, ата -аналарын тыңдап, пробация қызметінің тарапынан ұйымдастырылатын спорттық шараларға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар пробация бастығы жасөспірімдер мен олардың ата аналарына аймақ инспекторларын таныстырып, күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілетінін де атап өтті.
Жиын барысында ата аналар тарапынан сұрақтар қойылып, заң талаптарына сай жауаптары берілді.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...