Пробация есебіндегі азаматтар ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты

Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні “Еңбек мобилдік орталығы” КММ-ң Сырдария аудандық мансап орталығының ұйымдастырумен бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді.

Жәрмеңкеге 6 жұмыс берушілердің (“Мерей и К” жеке кәсіпкері, “Жәрдем” ЖШС, “Абай” жеке кәсіпкері, “Ер-Ай” жеке кәсіпкері, “С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ, “Тереңөзек кенті әкімінің аппараты” КММ) өкілдері  қатысып, нәтижесінде пробация есебіндегі 2 азамат тұрақты жұмысқа (1- квота бойынша, 1-квотадан тыс), 1 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Аталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін аудандық прокуратура мен аудандық пробация қызметі  назардан тыс қалдырған жоқ.

— Бүгінгі жәрмеңкеден жұмыс тапқаныма қуанып тұрмын. Отбасыма кішкене болса да көмек беретін боламын.Жуырда ғана пробация есебіне алынғанмын. Сот жүктеген міндеттерді орындап, уақытылы жұмысымды да жасайтын боламын. Пробация қызметі мен жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...