Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні “Еңбек мобилдік орталығы” КММ-ң Сырдария аудандық мансап орталығының ұйымдастырумен бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкеге 6 жұмыс берушілердің (“Мерей и К” жеке кәсіпкері, “Жәрдем” ЖШС, “Абай” жеке кәсіпкері, “Ер-Ай” жеке кәсіпкері, “С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ, “Тереңөзек кенті әкімінің аппараты” КММ) өкілдері қатысып, нәтижесінде пробация есебіндегі 2 азамат тұрақты жұмысқа (1- квота бойынша, 1-квотадан тыс), 1 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Аталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін аудандық прокуратура мен аудандық пробация қызметі назардан тыс қалдырған жоқ.
— Бүгінгі жәрмеңкеден жұмыс тапқаныма қуанып тұрмын. Отбасыма кішкене болса да көмек беретін боламын.Жуырда ғана пробация есебіне алынғанмын. Сот жүктеген міндеттерді орындап, уақытылы жұмысымды да жасайтын боламын. Пробация қызметі мен жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.


