Премьер-министр бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау туралы айтты

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2024 жылы бизнесті тексеруге мораторий алып тасталғаннан кейін қазақстандық кәсіпкерлерді не күтіп тұрғаны туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы шағын және орта бизнес кез келген елдің экономикасы мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет қолайлы бизнес-ортаны құруға үлкен мән беріп отыр.

«Біз бизнес қауымдастықпен бірлесіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін шектен тыс талаптарды анықтау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Нәтижесінде 10 мыңнан астам негізсіз талапты анықтадық. Бүгінде оның 9 мыңының күші жойылды. Қалғаны келер жылдың басында Парламентте тиісті заң қабылданғаннан кейін алып тасталады», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша да жұмыстар жүргізілді. Бұл адами факторды жоя отырып, тексерулерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде олардың саны 2 есеге қысқарады. Жалпы заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысым азаяды.

«Осылайша, мораторий аяқталғаннан кейін елде жаппай тексерулер болмауы керек. Адал кәсіпкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ», — деді премьер-министр.

Ол бизнестің проблемалары министрліктер мен Үкіметтің түрлі алаңдарында тұрақты түрде жан-жақты талқыланатынын айтты. Олардың көбі шешімін тапты.

Үкімет басшысының айтуынша, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі ЖІӨ-нің 36,5 пайызына дейін өсті. Биылдың өзінде мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 500 мыңға артып, 4,3 миллион адамға жетті. Өсу қарқыны шамамен 14 пайыз болды.

«Бұл ретте біздің алдымызда орта мерзімді перспективада ШОБ үлесін ЖІӨ-нің 40 пайызына дейін арттыру міндеті тұр. Бұл еліміздің одан әрі тұрақты дамуына негіз болады», — деп түйіндеді ол.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады