Полицейлер өтіп бара жатқан тұрғыннан есірткі тәркіледі

Түлкібас ауданының қызметкерлері есірткі затының заңсыз айналымына қатысы бар күдіктіні ұстады. Яғни арнайы ақпарат бойынша іске кіріскен полицейлер сезіктінің жүрген жерін анықтады.

Нәтижесінде ауыл көшелерінің бірінен өтіп бара жатқан күмәнді тұрғын тоқтатылды. Тексеру кезінде ер адамның қалтасынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар полиэтилен пакеті табылды.

Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес «кептірілген марихуана» болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...