Полицейлер өзгелердің атынан несие рәсімдеген алаяқ жігітті ұстады

Түлкібас аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, олардың атынан белгісіз біреу онлайн-несие алған. Яғни алаяқ алғашқы тұрғынның атынан 1 миллион теңге алса, екіншіге 1,7 миллион теңге несие шығарып алып, банкке қарыз еткен. Жәбірленушілер тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында түлкібастық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, осы қылмысқа қатысты күдікті 1 апта ішінде анықталды. Сезіктіні полицейлер тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны, жұмыссыз жас жігіт болып шықты.

Полиция бөліміне жеткізілген күдікті, «ватцап» желісі арқылы пайызсыз несие алып беремін деп, хабарландыру таратқаны белгілі болды. Оған сенген тұрғындар өздерінің жеке мәліметтерін берген. Әйелдердің атынан несие шығарып, мақұлдау алған алаяқ, жәбірленушілерге есепшотыңызға ақша түсті, тек ол 12 аймен берілді. Сіз ақшаны қайта салсаңыз, 24 айға бөліп төлейтін етіп беремін деп сендіріп, қаражатты қайта аудартып алған. Содан байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Казір таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...