Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел өз арызында 11-сыныпта оқитын қызы таңертең мектепке кетіп, содан қайта оралмағанын жеткізді. Ата-анасы қызын өз еріктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпағанын айтты.
Мақтааралдық полицейлер ақпарат алысымен жасөспірім қызды іздестіруге тәжірибелі полицейлерді жұмылдырды. Сонымен қатар арнайы жедел уәкілдер тобы ауданға жақын аймақтарға аттанып, іздеу шараларын жүргізді. Қыздың баруы мүмкін жерлер тексеріліп, дос-құрбыларынан жауап алынды.
Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін берді. Полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан қайтып келе жатқан кезде аман-есен тапты.
Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары жасөспірім мен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осы ретте қызының дін аман табылғанына риза болған әкесі, сақшыларға алғысын айтты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі