Полицейлер шетелдік көліктен шолақ мылтық тапты

Саурандық тәртіп сақшылары «Түркістан-Кентау» тас жолы бойынан күмәнді шетелдік нөмірлі «ВАЗ-2114» маркалы көлікті тоқтатады. Тінту кезінде көліктің жүк салғышынан қос ұңғылы, 16 калибрлі шолақ мылтық табылды. Тәркіленіп алынған қаруға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтау деректерін анықтау, болдырмау бағытында жан-жақты жұмыстар атқаруда. Осындай ауқымды жедел шаралар нәтижесінде, Сауран ауданының полицейлері жергілікті тұрғыннан шолақ мылтық тауып, қылмысқа тосқауыл қойды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...