Полицейлер тас жолда тұрып қалған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде «Сарыағаш-Жетісай-Жібек жолы» тас жолының 168-шақырымында жолда тұрып қалған «ХОВО» жүк көлігін байқайды.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге жақындағанда, ол көлігінің істен шыққанын, сол себепті жолды жалғастыра алмай тұрып қалғандығын жеткізеді. Тез арада шешім қабылдаған тәртіп сақшылары оған көмек көрсетіп, өтіп бара жатқан ауыр жүк көлігін тоқтатып, бұзылған көлікті сүйреп апаруды өтінді.
Патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын білдірген көлік жүргізушісі Алматыға қарай сапарын жалғастырды.
«Түркістан облысының патрульдік полициясы қызметкерлеріне мың алғыс. Жолда көлігіміз бұзылып қалды. Олар көмек көрсетіп, жүк көлігін сүйреуге көмектесті. Тәртіп сақшыларына шексіз алғысымызды білдіреміз», — деп өздерінің алғысын жеткізді.
Өз кезегінде полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолға шығар алдында көліктерінің техникалық жағдайын тексеріп, жолда абай болуға шақырады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...