12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер оқушылармен экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан №18, №11, №5 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның басты тақырыбы-жастар арасында экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу.

Полицейлер оқушылармен әңгімелесу барысында, шетелдік экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу, жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және экстремизмге қарсы іс-қимыл әдістеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ оқушыларға экстремистік бағыттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік бары түсіндірілді.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жасөспірімдер өз кезегінде тәртіп сақшыларына өзекті және танымдық кездесу үшін алғыс білдірді.

Ал ұйымдастырушылар мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Студенты и современные технологии

В Южно-Казахстанском университете им. М. Ауэзова в г. Шымкенте...

Президентіміз айтқанындай Пробация қызметін күшейту – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа...

Пробациядағы қолдау – қоғамға қайтар жол

Қазақстанда пробация есебінде тұрған және жазасы кейінге қалдырылған адамдарға...

Мост к зеленому будущему

В столице Казахстана стартовала работа первого экохаба, который обещает...