Полицейлер жоғалған ұялы телефон арқылы несие рәсімдеген күдікті жас жігітті анықтады

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгініп, белгісіз біреу оның жоғалтып алған ұялы телефонын пайдалану арқылы мобильді қосымшасынан несие рәсімдегені туралы шағымданған. Атына несие рәсімделгені туралы өзіне банктен телефон арқылы хабарласып, төлем жасау туралы айтқан кезінде ғана білген. Жәбірленушіге 500.000 теңге шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Мақтаарал ауданының полицейлері күдіктіні іздеуге бірден кірісті. Жедел -іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтығы үшін күдікті ретінде жергілікті жас жігіт анықталды. Ол 24 жастағы бұрынғы әріптесі болып шықты.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің жоғалтып алған ұялы телефонды күдікті жас жігіт тауып алған. Содан соң құпия сөзін білетінін пайдалана отырып, ол банк қосымшасынан заңсыз несие рәсімдеген. Күдікті жас жігіт несие алған ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген.
Қазіргі таңда күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...

Все тайное становится явным…(Отголоски января 22-го…) 

СПУСТЯ ЧЕТЫРЕ ГОДА ПОСЛЕ ТРАГИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ ЯНВАРЯ 2022 ГОДА...

Наследство без спешки: почему нотариус ждет?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКИ НЕРЕДКО СТАРАЮТСЯ КАК МОЖНО...

 «Ключи» от родины

ВОПРОСЫ МИГРАЦИОННОЙ ПОЛИТИКИ НА ФОНЕ МИРОВЫХ ТЕНДЕНЦИЙ СЕГОДНЯ ПОЛУЧИЛИ...