Полицейлер жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 53 фактісін анықтады

Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.

Осы бағытта атқарылған жұмыс нәтижесінде жедел уәкілдер мен табиғатты қорғау инспекциясы бірлесіп, ағымдағы жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысының аумағында жер қойнауын заңсыз тасымалдау мен пайдаланудың 53 фактісін анықтады. Айыптұраққа 20-дан астам автокөлік пен экскаватор-тиегіш қойылды.

Мысалы полицейлер Сауран ауданында қиыршық тас пен құм тасымалдауға құжаттары жоқ жүргізушілердің шамамен 10 жүк көлігін анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Ал автокөліктер айыптұраққа қойылды.

Аталмыш құқық бұзушылықтарға қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданды.

Полицейлер атап өткендей, жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтауға және жолын кесуге бағытталған алдын алу шаралары үдіксіз жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...