Полицейлер жасөспірімдерге қатысты 150 жайт құқық бұзушылықты анықтады

Жетісай ауданында 80-ге тарта мектепте 50 мыңға жуық оқушы білім алады. Сондай-ақ жасөспірімдерге 4 колледж, 1 «Дарын» мектеп интернаты мен 1 қосалқы мектеп интернаты білім береді. Аталған оқушылар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Жетісай аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобында 20 қызметкер жұмыс атқаруда.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында жоспарлы түрде «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіледі. Полицейлер мен білім бөлімі қызметкерлері бірлесіп, арнайы рейд ұйымдастырып отырады. Одан бөлек есепте тұратын оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Мәселен жыл басынан бері полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 442-2-бабы бойынша 150 жайтты анықтап, жасөспірімдердің ата-анасына «ескерту» берген. Ал ӘҚБтК-нің 442-1-бабымен 14 ата-анаға «айыппұл» салынған. 440-2-бабымен 5 дерек, 434-бабымен 2 дерек, 435-бабымен 3 дерек анықталып, әкімшілік шара көрілген. Кәмелетке толмағандарға спирттік өнімдерді сатқан 6 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен 2 әкімшілік хаттама түзілген. ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен 6 ойынхана иесі жауапқа тартылған. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен 45 ата-ананың үстінен әкімшілік хаттама түзіліп, процессуалдық шешім қабылдану үшін іс құжаттар сотқа жолданып, айыппұл салынған.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірімді орналастырылды. Ал ата-аналардың арыз-шағымдары бойынша 2 жасөспірімге қорғау нұсқамасы шығарылып, ювеналды полиция тобы инспекторларының қадағалау есебіне алынды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...